Жасырын түрлері көбейеді! Балабақша қызметін лицензиялаудың тағы қандай салдары бар?

Загрузка...

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Добавлено от
35 Просмотры
Алматыда үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілдері жекеменшік балабақшалар қызметін лицензиялауға қарсы. Олар шенеуніктер мұндай ақылға қонымсыз талап қоюы арқылы жеке балабақшаларды жауып тынбақ деп санайды. Себебі коттедждерді жалға алып, кәсібін дөңгеліп отырған бизнесмендер лицензиялау енгізілсе, барлық істі басынан бастауға мәжбүр болады. Ол үшін қыруар қаржы қажет дейді қауымдастықтағылар.
Кәсіпкерлер бар іске лицензия алу - бизнесті басынан бастаумен бір дейді. Яғни, жекеменшік балабақша иелерінің кәсібін дөңгелетуге онсыз да рұқсаттары бар. Айтуларынша, басым бөлігінде жұмыс істеуге қажетті жағдай жасалған. Қауіпсіздік, санитарлық талаптар сақталған. Бірақ кейбір мектепке дейінгі білім беру орталықтарында заңбұзушылықтар болды екен деп барлығын бірдей міндеттеу - адам құқығын таптау деп отыр. Әрі шенеуніктер де заңғы қайшы әрекеттер мемлекет қарамағындағы мекемеде көп бола ма, жекеде ме нақты статистика келтірмепті. Сөйтіп, мәліметті өздері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат көздерінен тапқан.
МАРЖАН АХМЕДЖАНОВА, кәсіпкер:
– Бала құқығын таптау, қол көтеру секілді деректердің 1,2 пайызы мемлекеттік мекемелерде ал, 0,2 пайызы жекеменшік балабақшаларда болған екен.
БИЖАМАЛ БЕКЖАНОВА, кәсіпкер:
– Бізде 95 пайыз жекеменшік балабақшада коттеджные дома. Ол үшін, лицензирование болуы үшін, яғни целевое назначение должно быть ДО. Дошкольное образование. Это очень много денег. Чтобы покупать вот это вот земли.
Кәсіпкерлер мемлекет жеке кәсіпті қолдап, жас мамандарды жолдаудың орнына табысымыздан айырмақ дейді. Сөздерінше, егер дәл қазіргі уақытта лицензиялау енгізілсе, жасырын жұмыс істейтін балабақшалар саны өседі. Себебі жер алып, құжат рәсімдеп, нысан тұрғызуға қаржысы жетпейтіндер амалсыз осындай әрекетке баруға мәжбүр болады екен. Немесе біржолата жабылып тынады. Ал кәсіпкерлердің жанайқайын тыңдаған салалық палата өкілдері лицензиялау мәселесі маңызды екенін айтты.
АЙТУАР ҚОШМАМБЕТОВ, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:
– Біз кәсіпкерлікті дамыту жолына түскен кезеңде елімізде мектепке дейінгі білім беру мекемелері жетпей жатты. Сондықтан үкімет 2011 жылы лицензиялау мәселесі өзгеріп, хабарламалық тұрғыға ауысты. Ал қазір заңбұзушылықтар көбейген соң, қайта қайтарылып отыр.
Қазір Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы 2 817 балабақшаның мүддесін қорғайды екн. Бұл көрсеткіш жұмыс істеп тұрған барлық жекеменшік балабақшаның 43 пайызы. Біз кәсіпкерлер көтерген мәселені айтып, білім және ғылым министрілігіне хабарластық, бірақ бұл іске қатысты жауап ала алмадық.
Нұрболат Жаңабекұлы



Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#балабақша #мемлекеттікбақылау #лицензиялау

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.