Чемпионат Worldskills Kazakstan 2023 компетенции «Дошкольное воспитание», «Начальное образование»

Загрузка...

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Добавлено от
67 Просмотры
2023 жылдың 20 сәуірінде «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК базасында «Мектепке дейінгі тәрбие» және "Бастауыш сыныптарда оқыту" құзыреттері бойынша байқау тапсырмаларын орындаудың үшінші күні өтті.
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша бағдарламаға сәйкес қатысушылар келесі модульдер бойынша байқау тапсырмаларын орындады:
С модулі - "Мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын ұйымдастыру". D модулі - "Өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту", "Мен жаңа формация педагогымын" тақырыбында электрондық портфолио құру.
"Бастауыш сыныптарда оқыту" құзыреттері бойынша бағдарламаға сәйкес қатысушылар келесі модульдер бойынша байқау тапсырмаларын орындады:
С модулі – «Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу».
Қатысушылар барлық модульдер бойынша конкурстық тапсырмаларды орындап, оны таныстырды.
Конкурстық жұмыстар аяқталғаннан кейін компатриот - сарапшылардың бағалары қойылды.
«Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК базасында өткен «Мектепке дейінгі тәрбие» және "Бастауыш сыныптарда оқыту" құзыреттері өз жұмысын аяқтады.
WorldSkills Karaganda-2024 бас сарапшысы мен бас сарапшының орынбасарына үміткерлерді іріктеу бойынша компатриоттар кеңесі өткізілді. Кеңесте келесі чемпионатқа арналған жарыс тапсырмаларының форматы да талқыланды.
Соңында қатысушылар мен барлық сарапшыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.